Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі мектеп директорларына жалақы төлеу жүйесін қайта қарауды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі мектеп директорларына жалақы төлеу жүйесін қайта қарауды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Директорлардың орынбасарлары, директорларға қатысты қиындықтар бар. Бұл мәселені аттестация арқылы шешеміз. Қазірде директорлар азаматтық қызметкерлер ретінде аттестацияны үш жылда бір тапсырады. Ол үлкен мектепте немесе шағын мектеп пе, жұмысын жақсы атқара ма, жоқ па оның айлығы өспейді, қосымша төлем жоқ. Сондықтан министрлік бұл мәселені қолға алмақ. Әріптестерімізбен бірге директорлар мен орынбасарларының жалақысын дифференциациялау мүмкінідігін қарастырып жатырмыз", - деп хабарлады вице-министр Асхат Аймағамбетов Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің біріккен отырысы кезінде.
Мұның алдында вице-министр Бибігүл Асылова мұғалімдердің жалақысы қандай екенін жариялаған. Оның сөзінше, 2017 жылдың 1 қаңтарында орта білім қызметкерлерінің орташа жалақысы 99 мың теңге болған. Мұғалімдердің жалақысын көтеру арқылы білім беру жүйесінде орташа жалақы 130-140 мың теңге екен.
ҚР БҒМ мәліметі бойынша, биыл қаңтардан 1, 2, 5, 7 сыныптарға, 2018 жылдың қаңтарынан 3, 6, 8 сыныптарға сабақ беретін мұғалімдердің жалақысы өседі. 2019 жылдан бастап 4, 9, 10 сыныптарға және 2020 жылдан бастап 11 сыныптарға сабақ беретін мұғалімдердікі де артады. Жалақыға 30 пайыз үстемеленеді.
"Мәселен, 15 жыл өтілі бар бірінші категориясы бар қала мектебіндегі мұғалім жалақысына 24 мың теңге, ауылда - 25 мың 860 теңге қосылады. Толық жүктемесі барларды айтып отырмыз", - деген еді Асылова.