Мектеп мұғалімдерінің жалақысы көтеріледі - Аймағамбетов

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мектеп мұғалімдерінің жалақысы көтеріледі - Аймағамбетов © Тұрар Қазанғапов

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қашықтан оқуға байланысты мұғалімдердің жалақысы қысқармайтынын, керісінше 2021 жылдың қаңтарынан бастап көтерілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қашықтан оқуға байланысты мұғалімдердің жалақысы қысқармайтынын, керісінше 2021 жылдың қаңтарынан бастап көтерілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мұғалімдерге көп салмақ түсті. Кей жерлерде керісінше салмақ азайды деген пікірлер айтылады, бірақ жұмыстары еселеніп кеткен. Жақында мұғалімдерді ақысыз демалысқа жібереді деген пікір болды, біз бұл бойынша жедел әрекет еттік, біздің ойымызша, педагог тамызда да бұған дейін қанша алды, сонша алуы керек", - деді Аймағамбетов Tengrinews.kz-тің Instagram желісіндегі тікелей эфирде. 

Министр мұғалімдердің жалақысын азайту үшін қашықтан оқуды сылтау еткісі келгендер болғанын айтты. 

"Мен онымен келіспеймін. Біз қашықтан оқу мұғалімнің жалақысына әсер етпеуі керек деген шешім шығардық. Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша педагогтердің жалақысы көтерілді. Қыркүйектен бастап "Педагог мәртебесі" заңына сәйкес қосымша үстемақы болады, ол да мұғалімдер үшін айтарлықтай көмек. Енді қаңтардан бастап әріптестеріміздің жалақысы 25 пайызға өседі", - деді министр.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети