Мектеп оқушылары 17 маусымға дейін оқи ма? Министрлік жауап берді

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мектеп оқушылары 17 маусымға дейін оқи ма? Министрлік жауап берді Фото:elements.envato.com

ҚР Білім және ғылым министрлігі мектеп оқушыларының жазғы демалысы қашан басталатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұған дейін желіде оқу жылы 17 маусымға дейін ұзартылады деген ақпарат тараған болатын.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Білім және ғылым министрлігі мектеп оқушыларының жазғы демалысы қашан басталатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұған дейін желіде оқу жылы 17 маусымға дейін ұзартылады деген ақпарат тараған болатын.

"Орта білім беру ұйымдарындағы оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникулдық кезеңдерін министрлік "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 14 тармақшасына сәйкес айқындайды. Дәстүр бойынша биылғы оқу жылы 25 мамырда аяқталады. Пандемия, шектеу шаралары кезінде рұқсат етілген білім сапасын арттыру және білім олқылықтарын толтыру мақсатында 26 мамыр мен 17 маусым аралығында барлық мектеп оқушылары үшін (9, 11 сыныптардан басқа) жазғы мектеп ұйымдастырылады", - делінген Tengrinews.kz жіберген ресми сауалда білім вице министрі Шолпан Каринова.

Ведомствоның мәліметінше, жазғы мектеп - оқушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтыруға мүмкіндік.

"Жазғы мектептегі сабақтар математика, тіл және басқа да негізгі пәндер бойынша өтеді. Жазғы мектепте оқу бағаланбайды, үй тапсырмасы берілмейді.
Министрлік мектеп оқушыларына жазғы мектепке баруды ұсынады, шешімді ата-аналар мен оқушылар қабылдайды", - деп толықтырды ҚР Білім және ғылым министрлігі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети