Мектеп оқушылары 6 сәуірден бастап қашықтан оқуға көшеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мектеп оқушылары 6 сәуірден бастап қашықтан оқуға көшеді

Қазақстандық оқушылар 6 сәуірден бастап қашықтан оқуға көшеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық оқушылар 6 сәуірден бастап қашықтан оқуға көшеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

CОVID-19 коронавирусының таралуының алдын алу мақсатында Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысында: "6 сәуірден бастап барлық орта білім беру ұйымдарын қашықтықтан оқытуға ауыстыру туралы" хабарланған. 

Еске салайық, 12 наурызда премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирусқа байланысты мектептерде 16 наурыз бен 5 сәуір аралығында сабақ болмайтынын айтты. 

"16 наурыздан бастап, колледждер, жоғары оқу орындарын қашықтықтан оқытуға, оның ішінде білімді бағалаудың барлық түрін қашықтықтан жүргізуге ауыстырылады", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатарғ кеше 26 наурызда коронавирус пандемиясына байланысты Қазақстан мектептерінде сабақты өткізу ұзақтығы 30 минут болатыны хабарланды. Абаев елімізде қашықтан оқытуға дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқанын және жұмыс тобы құрылғанын айтты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети