09 ақпан 2015 19:49

Мектеп оқушылары әскерге барды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©ҚР Қорғаныс министрлігі ©ҚР Қорғаныс министрлігі

Мектеп оқушылары Қазақстан әскерінің бір күнімен танысты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Мектеп оқушылары Қазақстан әскерінің бір күнімен танысты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Шығыс" өңірлік қолбасшылығындағы "Жас ұлан" Семей мамандандырылған ер балалар лицейінің базасында Халық қаһарманы генерал-лейтенант Бақытжан Ертаевтың кубогы үшін әскери-спорт жарысы өтті. Оған Семей өңірінің 44 мектебі қатысты.

Оқушылар "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы жауынгерлік даярлық басқармасы дене даярлығы және спорт бөлімінің бастығы Расул Мейірмановтың жетекшілігімен нормативтер орындап, Калашников автоматын бөлшектеп, құрастырды, автомат магазиніне оқ толтырып, пневматикалық мылтықтан атты. Жаттығулар үшін АК-74 автоматтарын 35411 әскери бөлімі ұсынды.

"Менің бала кезімдегі арманым орындалды. Мен әрқашан нағыз әскерде болуды армандағанмын. Ал бұл жерде біз қарудан аттық, нормативтер тапсырдық. Болашақта мен өз өмірімді әскери қызметші болып, Отанымызды қорғау ісімен байланыстыруға тырысамын", - деді 8-сынып оқушысы Жансая Омарова.

Іс-шараға Ұлы Отан соғысы мен Ауған соғысының ардагерлері де қатысты. Әскери-спорт жарысының құрметті қонақтары қатарында "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары Азамат Мұқатов, соғыс ардагері Петр Коломин, "Ауғанстан және Семей қаласы жергілікті соғыстар ардагерлері мен мүгедектері" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Боранбай Бегатовтар болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети