Мектеп оқушысы COVID-19 жұқтырмауы үшін және үйдегі адамдарға жұқтырмауы үшін қандай шаралар қабылдау керек? i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында медицина ғылымдарының докторы, профессор, MBA (Master of Business Administration) Сәуле Сәрсенбаева пайдалы кеңестерін бөліседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мектеп оқушысы COVID-19 жұқтырмауы үшін және үйдегі адамдарға жұқтырмауы үшін қандай шаралар қабылдау керек? i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында медицина ғылымдарының докторы, профессор, MBA (Master of Business Administration) Сәуле Сәрсенбаева пайдалы кеңестерін бөліседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Еске салайық, Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп i-balaqai жобасын қолға алды. Жобаның бас серіктесі - KCELL компаниясы. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Қонақтар тәжірибесін бөлісіп, ұсыныстар мен пайдалы кеңес береді. Эфир аптасына екі рет жүргізіледі - бейсенбі мен жексенбі.
Жаңа шығарылымды бүгін, 3 қыркүйек сағат 20:00-де Tengri TV-дің YouTube-арнасынан көре аласыздар. Спикер "Балалар мен ұстаздарды вирустан қалай қорғау керек?" атты тақырыпта әңгіме өрбітеді.
Сәуле Сәрсенбаева - медициналық білім беруді аккредиттеу саласындағы сарапшы, "Білім беруді және денсаулық сақтауды сапамен қамтамасыз ету және аккредиттеудің еуразиялық орталығы" коммерциялық емес мекемесінің бас директоры (2016 жылдан бері).
Оның жалпы медициналық өтілі 28 жыл, ал педагогикалық өтілі - 26 жыл.
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің "Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" төсбелгісімен марапатталды.
Республикалық және халықаралық маңызы бар 128 ғылыми мақала мен тезистің, өнертабысқа арналған 6 патенттің және 2 инновациялық патенттің, ҚР Әділет министрлігінің авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы 14 куәліктің, 8 оқу-әдістемелік құрал мен әдістемелік нұсқаудың авторы және авторларының бірі.
Жүргізуші - журналист, телерадиожүргізуші Махаббат Есен.
Сұхбат үзіндісін Tengrinews.kz сайтынан оқып, Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларынан тыңдай аласыз. i-balaqai жобасы аясында подкаст, пайдалы мақалалар мен видеолар шығады.
Сондай-ақ видео-сұхбатты Tengrinews.kz-тің "ВКонтакте" және Facebook желісіндегі парақшасынан көруге болады.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!