Мектеп сабақтарының басталу уақытын сағат 7.40-қа ауыстырудың бірінші сыныпқа қатысы болмайды. Бұл туралы Астана әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында елорда білім басқармасының басшысы Эльмира Суханбердиева мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мектеп сабақтарының басталу уақытын сағат 7.40-қа ауыстырудың бірінші сыныпқа қатысы болмайды. Бұл туралы Астана әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында елорда білім басқармасының басшысы Эльмира Суханбердиева мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Біз ата-аналардың арасында әлеуметтік сауалнама мен сұрақ-жауап өткіземіз. Менің ойымша, заңды шешім қабылданады. Біз Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп сабақтардың типтік ережелер бойынша жүргізілуі үшін өзгерістер енгізіп жатырмыз. Біз кестені өзгерту бойынша ұсыныс тастадық. (...) Егер бұл жұмыс уақытына да қатысты болса, оған қарайтын ұжымдар параллель өтетін болады. Мұнымен жұмыс істейміз деп ойлаймын. Айта кетейін дегенім, мұның бірінші сыныпқа қатысы болмайды. Біз де көре жатармыз. Әрине, заңға қайшы бармаймыз. Біз типтік өзгертулер бойынша ұсыныс жасадық (Білім және ғылым министрлігіне - Авт.) және тағы бір мәрте қайталаймын, бұл жерде заңға қайшылық болмайды", - деді Суханбердиева.
Еске сала кетейік, өткен аптада елорда әкімдігі мектептегі сабақтардың басталу уақытын өзгертуді ұсынды. Оған "Астана LRT" ЖШС жүргізген талдаудың нәтижелері негіз болды. Ол елордалық маршруттар мен көліктердің көше-жол желісіне үлкен салмақтың түскенін анықтады. Бұл маршруттар 17 мектеп орналасқан аудандарды басып өтеді.
""Мәселені шешу үшін жұмыс күні мен мектеп сабақтарының басталу уақытын өзгерту ұсынылды. Астананың білім басқармасы мектеп директорларына мектеп сабақтарын сағат 7.40-тан бастау туралы өзгерісті ата-аналармен талқылап, қарауды тапсырды", - делінген хабарламада. Баспасөз қызметіндегілердің мәлімдеуінше, қазіргі таңда "Астанадағы кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің жұмыс уақытын өзгерту мәселесі де қаралып жатыр".
Өз кезегінде Астана прокуратурасы мектеп сабақтарының басталу уақытын сағат 7.40-қа ауыстыру қазіргі заңнаманың талаптарына қайшы келетінін мәлімдеді. Прокуратура органдары тексеріс жүргізді, оның нәтижесінде қалалық білім басқармасының нақты мұндай шешімді қабылдамағаны анықталды. "Қоғамда қалыптасқан алаңдаушылықты ескере отырып, Астана қаласының прокуратурасы биыл 10 қыркүйекте Астана қаласының әкімдігіне заңнамамен белгіленген жауапкершілікті ескерте отырып, заңды бұзуға болмайтыны туралы алдын ала ескерту енгізді", - дейді баспасөз қызметіндегілер.
Сонымен қатар, Парламент Мәжілісінің депутаттары жұмысқа сағат 07.40-қа дейін баруға дайын екендерін айтты.