Мектепке бармаған: Маңғыстауда әкесі соттан қызы үшін өзін қамауға алмауды сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мектепке бармаған: Маңғыстауда әкесі соттан қызы үшін өзін қамауға алмауды сұрады Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Маңғыстау облысында ер адам қызының мектепке бармауына байланысты өзін қамауға алмауды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысының сотына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысында ер адам қызының мектепке бармауына байланысты өзін қамауға алмауды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысының сотына сілтеме жасап.

Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі соты ата-ананың кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және (немесе) білім беру міндеттерін орындамауы (ӘҚБтК 127-бабының 2-бөлігі) бойынша ер адамға қатысты істі қарады.

Соттың мәліметінше, ер адамның 15 жастағы қызы негізсіз себептермен 17 күн бойы сабаққа бармаған. Бұған дейін де сотталушы осыған ұқсас бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

"Сот отырысында Ж. кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін айтып, соттан ең жеңіл жаза тағайындауды сұрады. ӘҚБтК 127-бабы 2-бөлігінің санкциясында 15 АЕК көлемінде айыппұл немесе бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу жазасы қарастырылған", – деп хабарлады сотта.

Нәтижесінде, ер адам ӘҚБтК 127-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 55 380 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети