Мектепке хиджаб киіп келуге бола ма? ҚМДБ жауап берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Сурет: uganka.ru Сурет: uganka.ru

Жыл сайын оқу басталар кезде мектепте орамал тағу тақырыбы көтеріледі. Биыл да бұл мәселе біраз талқыға түсті. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мектептегі киім үлгісіне қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Жыл сайын оқу басталар кезде мектепте орамал тағу тақырыбы көтеріледі. Биыл да бұл мәселе біраз талқыға түсті. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мектептегі киім үлгісіне қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚМДБ өкілі Ағабек Қонарбайұлы шариғат бойынша қыз бала балиғат жасына жеткенде, орамал тағуы парыз екенін жазды.

"Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оқушы қыздардың мектепке орамал тағып баруына қатысты туындаған мәселеге өз мәлімдемесін жариялайды. Иманды, білімді ұрпақ тәрбиелеу - әрбір ата-ананың басты мақсаты. Шариғат бойынша балиғат жасына толған мұсылман қызға орамал тағу - парыз. Сол секілді білім алудың да үкімі - парыз", - дейді Ағабек Қонарбайұлы.

Сонымен қатар, ҚМДБ мәлімдемесінде балиғат жасына жетпеген жағдайда шариғат бойынша орамал тағу міндеттелмейтіні де айтылған.

"Мүфтият шариғат бойынша балиғат жасына толған мұсылман қызға орамал тағу парыз екенін жоққа шығарған емес. Сондай-ақ, орамал тағу - ұлттық дәстүріміз. Мұны мұсылман қауымы терең түсінуі тиіс. Алайда шариғатымыз балиғат жасына толмаған қызға орамал тағуды міндеттемейді. Мұны да мұсылман жамағаты дұрыс түсінуі керек. Жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында оқушы қыздардың мектепке орамал тағып баруына қатысты қоғамда түрлі пікірлер айтылады. Бұл мәселе мүфтият қызметкерлерін де бейжай қалдырмайды. ҚМДБ өз құзыреті аясында бұл мәселеге қатысты уәкілетті мемлекеттік мекемелерге тиісті ұсыныстар берді. Мұсылман жамағатының өтініші ескеріліп, оң шешім қабылданады деп үміттенеміз", - деп жазды ол.

Еске салайық, бұған дейінгі Үкімет отырысында Ғани Бектайұлына "хиджаб киюуге рұқсат бересіздер ме, жоқ әлде бермейсіздер ме" деген сұрақ қойылған болатын. Министр бұл сұраққа жауап беруден жалтарды.

"Біз бірнәрсені түсінуіміз керек. Біз бәріміз оған келістік, Конституцияда жазылған, біз зайырлы мемлекетпіз. Сондықтан Конституцияға сәйкес мектептерде өмір сүруі керек деп есептейміз", - деген еді шенеунік.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro