18 сәуір 2018 14:02

Мектепте көз жұмған алматылық оқушының анасы оқиға жайлы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Наталья Нартованың жеке мұрағатынан Наталья Нартованың жеке мұрағатынан

Алматы мектептерінің бірінде көз жұмған оқушының анасы Tengrinews.kz тілшісіне қайғылы оқиға алдындағы жағдайды баяндап берді. 


Алматы мектептерінің бірінде көз жұмған оқушының анасы Tengrinews.kz тілшісіне қайғылы оқиға алдындағы жағдайды баяндап берді. 

Наталья Нартованың сөзінше, 16 сәуірде таңғысын ол Алешамен бірге мектепке қалып бара жатқандықтан асығыс болған. 

"Жылдам, жүгіріп жүріп жиналдық. Мектепке дейін апарғым келмеді ол күні. Сондықтан сәтті күн тіледім де, ол өзі кетті", - деп есіне алды оқушының анасы. 

Оның айтуынша, сараптамадан кейін балаға "аяқ-асты өлім синдромы" деген диагноз қойды. 


Наталья Нартованың жеке мұрағатынан

Наталья Нартова баланың жылдам өсіп келе жатқанын және өзін жақсы сезінгенін атап өтті. 

"Тым жылдам өсті. Жүрегі мен қан-тамырлары жетіліп үлгермесе керек", - дейді мұңға батқан ана. 

Анасының есіне алуынша, бала өте ақылды, шахмат ойынын сүйген екен. 

"Зияткер болды, қатарластарымен іші пысатын. Онымен дос болуға тырысқанымен, бөлек жүретін. Сафроновтың арнасын тамашалап, Lego жинап жүрген. Пластилин илеп, шахмат ойнауды жақсы көретін, атасын да ұтып кететін еді. Өз тәсілін ойлап тапқан. Жазда жұмыс істеуге құлшынып жүретін. Жаңа дүниені танып, өмір сүргісі келетін", - дейді ол. 

Сонымен қатар, әйел мектепке шағымы жоғын да білдірді. 

"Мектептің қатысы жоқ, олар өздері де қайғырып жүр, қолдап, көмек беріп келеді. Келіп жатқан ата-аналар да көп, барлығы көңіл білдіріп жатыр", - дейді Наталья Нартова. 

Еске салайық, 16 сәуірде № 118 гимназияның бесінші сынып оқушысы дене шынықтыру сабағы кезінде көз жұмды. Ол сабақтан босатылған оқушыларға арналған орындықта отырған. Кенет бала өзін нашар сезінген, оған алғашқы медициналық жәрдем жасалып, мектепке жедел жәрдем шақыртылған болатын. Дегенмен бала көз жұмды. Қазіргі таңда Алматының Жетісу ауданының ІІД ішкі істер басқармасы тергеу шарасын жүргізіп жатыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети