Мектептегі жаппай улану: 460 баланың жағдайы туралы не белгілі?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Денсаулық сақтау министрлігі Маңғыстау облысында мектеп асханасында уланған балалардың жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрлігі Маңғыстау облысында мектеп асханасында уланған балалардың жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, бүгінде Көпфункционалды облыстық балалар ауруханасында инфекциядан зардап шеккен 17 бала ем алуын аяқтап, ауруханадан шығарылған. Олардың бәрі дәрігерлер бақылауында және барлығының жағдайы жақсы. Стационарда 75 бала емін жалғастырып жатыр, олардың да жағдайы тұрақты деп бағаланғаны айтылды. Жан сақтау бөлімінде науқастар жоқ.

"Ауру шыққан кезден бастап (2024 жылғы 6 қыркүйек) облыстың медициналық мекемелерінде осыған балама белгілермен, яғни қызуы көтерілуі, ішінің өтуі, лоқсу, әлсіздік бойынша 460 бала дәрігерлерге қаралған. Соның ішінде 92 бала ауруханаға жатқызылған. Барлық науқастар антибактериялық және дезинтоксикациялық, сонымен қатар симптоматикалық ем алып жатыр. Дәрігерлер ішек микрофлорасын қалпына келтіру және регидратациялау бойынша заманауи әдістерді қолданып жатыр, бұл науқастардың бойында аурудың белгілерін едәуір төмендетуге септік етті", - делінген хабарламада.

Министрлік 8 қыркүйекте ҚР денсаулық сақтау министрлігі Шұғыл медициналық Ұлттық үйлестіру орталығы мамандарының қатысуымен телемедициналық консультация өткізілгенін айтты. Сондай-ақ, осы өңірге Астана медициналық университетінің инфекционист және гастроэнтеролог мамандарының бір тобы жөнелтіліп, олар қазір емді үйлестіру ісін жалғастырып жатыр.

"10 қыркүйекте министрдің тапсырмасы бойынша, өңірге денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев барды. Ол науқастар жатқан ауруханаға барып, медициналық персоналмен жолықты. Вице-министр сонымен қатар дәрігерлер және жергілікті билік тарапынан дер кезінде қабылданған шаралардың арқасында жағдай біртіндеп тұрақталып келе жатқанын және емделіп шығатын балалар саны арта беретінін жеткізді".

Бұл жағдай денсаулық сақтау министрінің жеке қадағалауына алынған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro