Мектептерде жаңа пән енгізіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мектептерде жаңа пән енгізіледі Сурет: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мектептерде балалардың экологиялық білімі пәнін енгізуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мектептерде балалардың экологиялық білімі пәнін енгізуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мектептерде балалардың экологиялық білімі пәнін енгізу керек", - деді Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында. Президенттің сөздерін Ақорда баспасөз қызметі келтірді.

Елді мекендердің айналасындағы табиғи қоқыс үйінділерінің мәселесі шешілген жоқ, - деді Президент.

"Бір жолғы рейдтер жүргізу, айыппұл салудың әсері аздық етеді. Экология министрлігі тарапынан жүйелі жұмыс қажет. Үкімет Waste to energy (қалдықтарды энергетикалық тұрғыдан кәдеге жарату) технологиясын енгізу үшін заңнамалық базаны және қолайлы инвестициялық жағдайларды жедел қамтамасыз етуі қажет ",- деп тапсырды Тоқаев.

Президент өзектілігі артып бара жатқан экология мәселесімен айналысуды тапсырды.

"Жыл сайын 5 миллион тоннадан астам қатты тұрмыстық қалдық шығады. Олардың ел бойынша қайта өңдеу үлесі тек 15 пайыз. Бұл жеткіліксіз", - деді Тоқаев.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети