Мектептерде жаңажылдық ертеңгіліктер болмайды - БҒМ басшысы

Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon
1047
comments icon
0
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектептерде жаңажылдық ертеңгілік өткізуге қатысты сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектептерде жаңажылдық ертеңгілік өткізуге қатысты сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ертеңгіліктер мен басқа да бұқаралық іс-шараларға келетін болсақ: олар мектептерде өткізілмейді. Бас санитария дәрігерінің шешімі бар, біз бұл шешімдерге бағынамыз. Сондықтан мектептерде ертеңгіліктер немесе басқа да бұқаралық іс-шаралар болмайды. Мерекелерді бір сынып ішінде өткізу туралы шешім мектеп әкімшілігі деңгейінде қабылданады", - деп жауап берді ведомство басшысы Сенат отырысында.

Сондай-ақ, министрге "омикрон" штамының таралуына байланысты мектеп оқушыларын қашықтан оқыту форматына көшіру мүмкіндігі туралы сұрақ қойылды.

Реклама
Реклама

"Бұл туралы айтуға әлі ерте, біз ведомствоаралық комиссияның шешімдері аясында жұмыс істейміз. Қазіргі уақытта қорытынды шығаруға ақпарат жеткіліксіз", - деп түсіндірді Асхат Аймағамбетов

Бұған дейін ДДСҰ коронавирустың жаңа штамын зерттеуге бірнеше апта қажет болатынын хабарлаған болатын. Бірақ сарапшылар қазірдің өзінде "омикрон" вакциналарға төзімдірек және тезірек таралуы мүмкін деп болжап отыр. Сарапшылардың пікірінше, қолданыстағы ПТР-сынамалары бұл штамды тануға қабілетті. Дегенмен, олар "омикрон" адамзатқа Эбола вирусы сияқты қауіп төндіреді деп есептейді.

Қазақстанда "омикрон" штамына байланысты жаңа шектеулер енгізіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Дина Шарипханова
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная