Қазақстанда "омикрон" штамына байланысты жаңа шектеулер енгізіледі

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда "омикрон" штамына байланысты жаңа шектеулер енгізіледі Фото © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда 3 желтоқсаннан бастап коронавирустың жаңа штамына байланысты шектеулер енгізілді. Бұл туралы Үкімет отырысында денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Оның айтуынша, COVID-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия 3 желтоқсаннан бастап жаңа шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдаған.

"Жаңа "омикрон" штамының пайда болуын ескере отырып, оның республика аумағына әкелінуіне жол бермеу мақсатында ведомствоаралық комиссия мынадай шешімдер қабылдады:

  • Ботсвана, Лесото, Намибия, Зимбабве, Мозамбик, Мадагаскар, Эсватини, Малави, Онтүстік Африка, Танзания және Гонконгтан шетел азаматтарының Қазақстанға келуін шектеу;

  • "Омикрон" нұсқасынан туындаған коронавирус жағдайлары анықталған Израиль, Чехия, Нидерланды, Бельгия, Ұлыбритания, Италия, Германия, Аустралия, Канада және Мысырдан келетін адамдар үшін вакцинациясы бар-жоғына қарамастан міндетті ПТР-анықтама талап ету;

  • "Омикрон" штамынан туындаған коронавирус жағдайлары анықталған елдерден келген адамдар ПТР нәтижесіне қарамастан 7 күнге оқшаулануы тиіс", - деді Шоранов.

Сондай-ақ, ол Қазақстанда коронавирус штамдарын жүйелеуді жалғастыру қажет екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также

Валюта бағамы

 466.22   532.57   5.95 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +25
Астана +25
Ақтау +31
Ақтөбе +27
Атырау +33
Б
Балқаш +25
Ж
Жезқазған +22
Қ
Қарағанды +24
К
Көкшетау +27
Қ
Қостанай +28
Қызылорда +27
П
Павлодар +25
Петропавл +25
С
Семей +27
Т
Талдықорған +27
Тараз +30
Түркістан +29
О
Орал +25
Ө
Өскемен +29
Ш
Шымкент +24

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер