Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қазақстанда балаларға қатысты сексуалдық зорлық-зомбылық себептері туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қазақстанда балаларға қатысты сексуалдық зорлық-зомбылық себептері туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Осындай қылмыстардың көбеюіне келетін болсақ. Бұл объектив себеп, бір жарым жылдан бері пандемия жағдайында болдық. Балалар оқу орындарына бармады. Қылмыстың 60 пайызы отбасылық-тұрмыстық жағдайда жасалған. Зорлаушылардың 20 пайызы әкелері, өгей әкелері, сондай-ақ олардың анасымен бірге тұратын азамттық некедегі ер адамдар, 50 пайызы жәбірленушілердің туыстары", - деді Тұрғымбаев.
Министрдің айтуынша, зорлық-зомбылық мәселесі отбасында, қоршаған ортада адамгершілік қасиеттер төмендігінен, сондай-ақ тұрмыстық тәрбиенің әлсіздігінен туындап отыр.
"Тіпті осыған байланысты, ішкі қайта бөлу арқылы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар штатын жедел түрде екі есеге жуық ұлғайттық. 7 мың отбасы тіркеуде тұр, онда 12 мың кәмелетке толмаған бала тұрады. Бұл сексуалдық зорлық-зомбылық қылмыстары ықтимал нысандар", - деп қосты ІІМ басшысы.
Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, тағы бір себеп - балалардың жыныстық тәрбиесінің нашарлығы.
"Зардап шеккендердің 30 пайызы өзара келісім бойынша жыныстық қатынасқа түскен. Бұл кәмелеттік жасқа толмағандар. Мысалы, Денсаулық сақтау басқармасы арқылы 70 факт анықтадық. Яғни, жүктіліктің ерте кезеңінде бөлімдер полицияға 13-14 жастағы қыздар осындай жағдайға тап болғанын хабарлады. Осы жерде балаларды тек мектептерде ғана емес, әлеуметтік желілерде де жыныстық тәрбие беру бойынша қоғаммен бірлесіп жұмыс істеу керек деген сұрақ туындайды", - деп қосты ішкі істер министрі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!