Мектептерге 600 мыңнан аса қазақстандық компьютер мен ноутбук жеткізіледі

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: primeminister.kz Фото: primeminister.kz

2020 жылдың соңына дейін 9 отандық өндіруші еліміздің мектептеріне қосымша 606 мың бірлік компьютер техникасын өндіріп, жеткізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

2020 жылдың соңына дейін 9 отандық өндіруші еліміздің мектептеріне қосымша 606 мың бірлік компьютер техникасын өндіріп, жеткізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен электронды өнеркәсіпті дамыту мәселелері жөнінде кеңесте айтылды.

Кеңеске қатысушылар Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында қойған цифрлық теңсіздікті жою және әлеуметтік әлжуаз отбасылардан шыққан балаларды компьютер техникасымен қамтамасыз ету бойынша міндеттерді іске асыруға ерекше көңіл бөлді. Мәселен, 2020 жылдың соңына дейін 9 отандық өндіруші еліміздің мектептеріне қосымша 606 мың бірлік компьютер техникасын (351 мың компьютер және 255 мың ноутбук) өндіріп, жеткізеді. 2024 жылға қарай компьютер техникасының отандық өндірісі 5 есе, 165 миллиард теңгеге дейін арттырылатын болады. 

Қазақстанда электронды өнім өндіретін 64 кәсіпорын жұмыс істейді. Саладағы жұмыскерлер саны - 1,6 мың адам. 2019 жылы электронды өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 44,5 миллиард теңгені құрап, 2018 жылмен салыстырғанда 35 пайызға артты. Бұл ретте жалпы импорт көлемін ескергенде, аталған өнімдердің жергілікті қамту үлесі (1 триллион теңгеге жуық) небәрі 4 пайыз.

Электронды өнеркәсіп саласында бүгінгі таңда жаңа толық дайын өнімдерді: баспа платаларын ("С.М. Киров атындағы зауыт" АҚ), телекоммуникация жабдықтарын ("Digital System Servis" ЖШС), суды, жылу мен жарықты есептейтін электронды құралдарды, деректерді сымсыз жеткізуге арналған модульдерді ("Корпорация Сайман" ЖШС, "Орион-система" ЖШС және т.б.), компьютерлерді ("С.М. Киров атындағы зауыт" АҚ, "PS4U" ЖШС және т.б.), цифрлық бейнекамераларды ("Перспектива" ҒӨБ, "NG Vision" ЖШС), радиостанцияларды ("РТС Инжиниринг" ЖШС) шығару игерілген.

Электронды өнеркәсіпте отандық қамтуды одан әрі арттыруды ынталандыру мақсатында отандық өндірушілермен оффтейк-келісімшарттарды арттыру, сауда желілері арқылы отандық құрастырылған компьютерлерді сатып алу үшін жеңілдікпен несиелендіруді енгізу, электронды өнеркәсіп саласындағы ҒЗТКЖ-ға қаржы бөлу және т.б. арқылы мемлекеттік қолдаудың қосымша шаралары қабылданатын болады.

2024 жылға қарай электронды өнеркәсіптегі өндірістің орташа жылдық көлемін 382,6 миллиард теңгеге (өсім - 8,5 есе), экспорт көлемін 45 миллиард теңгеге, мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлардағы сатып алуда жергілікті қамту үлесін сәйкесінше 30 пайыз және 20 пайызға дейін жеткізу мақсаты қойылды. 60 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылып, орташа жылдық өсімі 28 мың адам болады.

Кеңеске цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б. Мусин, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов, білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов, сауда және интеграция министрі Б. Сұлтанов, басқа министрліктер мен ведомстволардың басшылары, сондай-ақ  "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Қ. Есекеев қатысты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro