Мэлс Елеусізов Қазақстан президенті сайлауына қатысу себебін түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мэлс Елеусізов Қазақстан президенті сайлауына қатысу себебін түсіндірді Мэлс Елеусізов. ©Тengrinews.kz

"Табиғат" экологиялық одағының басшысы Мэлс Елеусізов Қазақстан президенті сайлауына қатысуға не себепті шешім қабылдағанын түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Табиғат" экологиялық одағының басшысы Мэлс Елеусізов Қазақстан президенті сайлауына қатысуға не себепті шешім қабылдағанын түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Эколог алдағы сайлауда Қазақстанның қазіргі басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеңіске жететініне күмән келтірмейтінін айтты. Елеусізовтің пікірінше, ол әлдеқашаннан халықтың сеніміне ие. Сондықтан "Табиғат" одағының басшысы сайлауда жеңіске жетуді мақсат етпейтінін, ал сайлауалды мінберді өз идеяларын насихаттауға пайдаланатынын айтты. 

"Менің басты мақсатым - экологияға байланысты шынайы ахуалды жеткізу. Оны саясаткерлер түсінбейді. Ол экономикалық дағдарыстан да маңызды. Мен дағдарысқа қарсы бағдарламамен келісе бермеймін. Сондықтан ертең Орталық сайлау комиссиясына өтініш беру үшін Астанаға барамын", - деді эколог. Экология мәселелері туралы айтқан Елеусізов ғаламдық жылыну құбылысын, Арал теңізі мен Балқашты құтқару жайын және ағын сулар жиналатын Сорбұлақ бөгетінің жарылып кетіп, елді мекендерді басуы мүмкін екенін еске салды.

"Сайлауға қатысуды ұйғардым, газеттер мені онда тек өзін-өзі жұбату үшін барады деп жатса да. Менің барлық үгіт-насихатым адамдарға керек болды. Мен экологиялық қызметті бастаған кезде, онымен Кеңес Одағында ешкім айналыспаған еді. Сайлауалды науқанды мен үгіт үшін қолдандым. Сайлауға ауқымды экология мәселелері туралы айту үшін барамын", - деді Елеусізов.  

Еске салайық, Мэлс Елеусізов 2005 және 2011 жылғы сайлауларға қатысқан еді. Соңғы сайлауда ол Нұрсұлтан Назарбаевқа дауыс берді. 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети