Мэлс Елеусізов президент сайлауынан бас тартуды ұйғарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мэлс Елеусізов президент сайлауынан бас тартуды ұйғарды Мэлс Елеусізов Орталық сайлау комиссиясында. ©Тengrinews.kz

"Табиғат" экологиялық одағының басшысы Мэлс Елеусізов президент сайлауы додасынан өз кандидатурасын алып тастауды ұйғарды, оған - қаражаттың тапшылығы себеп, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Табиғат" экологиялық одағының басшысы Мэлс Елеусізов президент сайлауы додасынан өз кандидатурасын алып тастауды ұйғарды, оған - қаражаттың тапшылығы себеп, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Мен өз кандидатурамды алып тастауға шешім қабылдадым", - деп мәлімдеді Елеусізов ҚР Орталық сайлау комиссиясының баспасөз орталығында журналистерге. Ол тиісті өтінішін тапсырып қойды. 

Елеусізов бұған бірнеше себеп болғанын айтты. "Бірінші кезекте - қаражаттың жоқтығы, мен бұл туралы айтқан болатынмын. Оған қомақты қаражат қажет", - деді ол. 

13 наурыз күні Tengrinews.kz экологтың Орталық сайлау комиссиясына құжат тапсырғанын хабарлаған еді. "Мен сайлауға экологияға қатысты ахуалдың нашарлығын көрсету үшін барамын", - деген болатын Елеусізов. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 514.12  course down  603.32  course up  6.44  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети