Мемқызметкерлер декларациядағы қателерге байланысты 759 миллиард теңге "қарыз" болып қалған

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемқызметкерлер декларациядағы қателерге байланысты 759 миллиард теңге "қарыз" болып қалған Фото:elements.envato.com

Мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген тұлғаларда декларацияны қате толтыру салдарынан салық берешегі жиналған. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген тұлғаларда декларацияны қате толтыру салдарынан салық берешегі жиналған. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

МКК мәліметінше, жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша 11 мың мемлекеттік қызметші, оларға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайларында жеке табыс салығы бойынша 759 миллиард теңге сомасында берешек қалыптасқан.

"Декларацияларды талдау өздігінен салық салынатын табыс болмаған жағдайда, бюджетке төленетін жеке табыс салығының сомалары қате көрсетілгенін анықтады.

Мемлекеттік кірістер комитеті декларацияны азаматтар өз бетінше тексеру қажеттігі туралы ескертті. Қате толтыру анықталған жағдайда декларацияның "Е" бөлімінде жеке табыс салығының сомасын кемітіп, қосымша декларацияны тапсыру керек", - делінген хабарламада.

Мемлекеттік кірістер комитеті мәліметі бойынша, қателер түзетілмеген жағдайда жеке сот орындаушылары салық бұйрықтары негізінде банктік шотты жабуы мүмкін.  

"Декларацияны дұрыс толтыру сұрақтары бойынша тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органына жүгіну қажет", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети