24 мамыр 2022 16:33

Мемлекет 3 мың отбасының пәтер жалдау ақысын төлеп береді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Мемлекет жалға берілетін баспананың жарты құнын төлеп беретін тұрғын үйді субсидиялау бағдарламасы бойынша 3044 отбасының өтініші мақұлданды. "Отбасы" банкінің басшысы Ләззат Ибрагимова өтінімдерді қабылдау әлі де жалғасып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мемлекет жалға берілетін баспананың жарты құнын төлеп беретін тұрғын үйді субсидиялау бағдарламасы бойынша 3044 отбасының өтініші мақұлданды. "Отбасы" банкінің басшысы Ләззат Ибрагимова өтінімдерді қабылдау әлі де жалғасып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өтінімдерді қабылдау сәуірдің ортасында басталған. Бағдарлама операторы "Отбасы банкі" болды.

"Қазір аралық қорытынды шығаруға болады. Бағдарлама басталғаннан бері барлығы 13 758 өтініш берілді, оның 6392-сі - ЖСН нөмірлері бойынша бірегей өтініш. Кейбіреулер қайта жібереді, кейбіреулерде SMS келетін уақыт бітіп қалады. Бүгінде 3044 өтініш мақұлданды, олар - бастапқы және қайталама нарықта тұрғын үй іздейтіндер. 3044 қазақстандық отбасы бір-екі аптадан кейін жалдау шартын жасайды, оларға жалдау сомасының 50 пайызын аудара бастаймыз", - деді Ибрагимова ОКҚ сарапшылар клубында.

Оның сөзінше, 743 клиент барлық клиент туралы деректер түскенін күтіп отыр.

Ол өтініш беруші ғана емес, оның кәмелетке толмаған балалары мен жұбайы да ЭЦҚ көмегімен дербес деректерді өңдеу өтініміне қол қоюы тиіс екенін түсіндірді.

"Олардың баспанасы бар-жоғын, қандай мәселе барын тексеруіміз керек. Қазір 743 өтініш иесі басқа клиенттердің деректері түскенін күтіп отыр. Бастапқы деректерді күтетін 26 отбасы, ал 1197 өтініш жойылды. Әдетте өтініш берушілер отбасы мүшелерімен келісіп, өздерінің мәлімдемелеріне қол қояды. Алайда адам сол кезде бір жаққа кетіп қалған немесе интернетке қолжетімсіз жерде болуы мүмкін. Олар өтінімнің мерзімі өтіп жатқанын көріп, кейін күшін жояды", - деп қосты ол.

Ибрагимова өтініш берушілерге қандай жағдайларда субсидия берілмейтінін түсіндірді. Мұндай өтінімдер саны 7993 болған.

"Тіркеу кезінде СМС-тен код енгізе алмағандарға берілмейді. Азаматтардың мобильді базасында олардың телефон нөмірі көп жағдайда қазір пайдаланатын телефон нөміріне сәйкес келмейді. Бәрін тексеріп алуын сұраймыз. Egov.kz-те сізге бекітілген телефон нөмірі және ЭЦҚ барын растау қажет. Филиалдарға келудің қажеті жоқ, барлығы сайт арқылы онлайн-режимде жасалады", - деп түсіндірді ол.

Сондай-ақ, жеке куәлігінің жарамдылық мерзімі өткен, салықтар бойынша берешегі бар (тіпті 0,5 теңге болса да) және ауыртпалық бойынша кезекте тұрғандар тізімінде жоқ азаматтарға субсидия берілмейді.

Үш адамы бар отбасына 40 шаршы метрге дейін, бес адамы бар отбасына  60 шаршы метрге дейін, бес адам және одан көп адам тұратын отбасыларға 80 шаршы метрге дейін тұрғын үй субсидиясы беріледі.

Бұған дейін банкте төрт санат бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар жалдау төлемдері бойынша мемлекет қолдауына үміткер бола алатыны түсіндірілген болатын:

  • 1-ші және 2-топтағы мүгедектер;
  • мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
  • жетім балалар;
  • көпбалалы отбасылар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети