Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Мемлекет басшылары Қазақстанды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

16 Желтоқсан 2014, 15:37
0
©Тұрар Қазанғапов
©Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президентіне Ресей, Беларусь, Қырғызстан басшылары Тәуелсіздік мерекесімен құттықтау жеделхатын жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі мемлекет басшыларының ресми сайтына сілтеме жасап.

Жеделхатта Ресей президентінің Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік, ғылым мен техника салаларындағы жетістіктерін жоғары бағалағаны, елдің әлемдік аренадағы абыройын және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді шешудегі маңызды құырылымдық ролін ерекше атап өткені айтылған. Владимир Путин Қазақстан мен Ресейдің достастық, серіктестік және көршілес қарым-қатынасын, сонымен қатар түрлі бағыттардағы екіжақты әріптестіктің Еуразиялық экономикалық одақтың іске қосылуына байланысты туатын жаңа мүмкіндіктерін атап өтті.   

"Ресей мемлекетінің басшысы өзара табысты байланыстардың келешектегі артуына екіжақты негізде де, сонымен бірге Ресей мен Қазақстан халықтарының мүддесі үшін көпжақты форматта да еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық процестердің жылдамдайтынын және оның өңірлік тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететінін аталып өтті", - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, Назарбаевты Беларусь республикасының президенті Александр Лукашенко да құттықтады. "Егемендік жылдарында Қазақстан өз мемлекеттілігін қуатты ете түсуде, әлеуметтік-экономикалық дамуда айтарлықтай жетістіктерге жетті, халықаралық аренада өзін мойындату үшін талаптанды", - делінген құттықтауда.

Белорус басшысы Беларусь пен Қазақстанның арасындағы қарым-қатынас екі ел халқының достығы, құрметі, сенімі және өзара табысты әріптестігі негізінде ары қарай да беки түсетініне сенім білдірді.    

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев құттықтау телеграммасында қырғызстандықтардың әлемдік аренада лайықты орнын алған Қазақстанның жетістіктері мен сәттіліктерін қуанышпен қарсы алатынын айтты. "Дәстүрлі достығымыздың, одақтастығымыздың және Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы стратегиялық серіктестігінің дамып, ағайынды халықтардың игілігіне ары қарай да дами беретініне сенімдімін", - делінген телеграммада. Алмазбек Атамбаев Нұрсұлтан Назарбаевқа зор денсаулық және мемлекеттік қызметіне сәттілік, ал ағайынды Қазақстан халқына бейбітшілік пен гүлденуді тіледі.

Еске сала кетейік, Қазақстан Президентін бүгін Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон да құттықтаған болатын.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай