Мемлекет басшысы әкімдермен кеңес өткізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы әкімдермен кеңес өткізді © akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақорда резиденциясында Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдерімен кеңес өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақорда резиденциясында Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдерімен кеңес өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 

Жиында өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму және мемлекеттік бағдарламалардың орындалу мәселелері талқыланды.

Президент бұған дейін берілген тапсырмалардың атқарылуы жайындағы әкімдердің есебін тыңдады. Қасым-Жомарт Тоқаев облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың басшыларына пандемия жағдайында халықтың қажеттілігін қамтамасыз ету маңызды екенін атап өтті.

Жиын соңында Мемлекет басшысы әкімдерге аймақтарды дамытудың, халықтың тұрмысын жақсартудың өзекті мәселелерін шұғыл шешу, сондай-ақ, Жұмыспен қамту жол картасын тиісті деңгейде жүзеге асыру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети