Мемлекет басшысы әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады pixabay.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдерді 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдерді 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қымбатты ханымдар! Баршаңызды Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздер әлемге жылулық пен жарасым сыйлап, жақын жандарыңызды махаббатқа бөлейсіздер. Аяулы аналарымыз өскелең ұрпақтың бойына адамгершілік құндылықтарды сіңіріп, оларды еңбекқор, білімпаз болуға тәрбиелейді. Бүгінде әйелдер қауымының отбасындағы, қоғам өміріндегі және мемлекетті жан-жақты дамыту ісіндегі рөлі орасан зор.
Қыз-келіншектер өндірісте, шығармашылық жолында, саясат, бизнес және басқа да көптеген салада биік белестерді бағындырып келеді.

Мемлекет гендерлік теңдікті сақтауға, әйелдер құқығын қорғауға және отбасы құндылықтарын нығайтуға әрдайым баса мән береді. Аналарымыз бен аруларымыздың алаңсыз өмірі – ұлтымыздың жарқын болашағының кепілі. Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін! Әрдайым көктем күніндей жадырап жүріңіздер!" - деді Президент.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети