Мемлекет басшысы Дәулет Сембаевтың туған-туыстарына көңіл айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Дәулет Сембаевтың туған-туыстарына көңіл айтты Даулет Сембаев. Фото:almau.edu.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті мемлекет қайраткері, қаржыгер Дәулет Сембаевтың қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті мемлекет қайраткері, қаржыгер Дәулет Сембаевтың қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Дәулет Хамитұлы зауыттағы шеберден бастап премьер-министрдің бірінші орынбасарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасына дейінгі үлкен өмірлік және кәсіби жолдан өтті. Оның қаржы секторының қалыптасуы мен дамуы, ұлттық валюта құру, Тәуелсіз Қазақстанның зейнетақы реформасын жүргізу ісіндегі еңбегі айрықша. Ол жаңа экономикалық саясатты әзірлеуге баға жетпес үлес қосты. Парламент Сенатының депутаты, қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің төрағасы ретінде қаржы-экономикалық заңнаманы жетілдіру жөнінде үлкен пайдалы жұмыс атқарылды", - делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы Дәулет Сембаев беделді, құрмет тұтар адам болғанын, қаржыгерлердің жас ұрпақтарына үлгі болғанын атап өтті.

Танымал қазақстандық қаржыгер, металлург және саясаткер Дәулет Сембаев 87 жасында қайтыс болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети