Мемлекет басшысы екі ардагерге "Халық қаһарманы" атағын берді

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Ақорда Ақорда

Мемлекет басшысының жарлығымен бірқатар ҰОС ардагеріне "Халық қаһарманы" атағы берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысының жарлығымен бірқатар ҰОС ардагеріне "Халық қаһарманы" атағы берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының жарлығымен 1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі, батылдығы, жанқиярлығы мен соғыстан кейін мемлекеттік және қоғамдық қызметке белсенді қатысқаны үшін Әбдіғали Қаймолдинге "Халық қаһарманы" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі - Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылды", - делінген хабарламада.

Әбдіғали Қаймолдин - Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері. Ол 1921 жылы 30 маусымда Семей облысы Абыралы ауданы Ұзынбұлақ ауылында дүниеге келген. 1941 жылы әскер қатарына шақырылды. 1941-1945 жылдың 9 мамыры аралығында Сталинград, 1-Украина, 1-Беларусь, 3-Балтық майдандарында шайқасты. 1946 жылғы маусымда әскер қатарынан босатылған.

Бұл қызметтен кейін партияда және мемлекеттік органдарда жұмыс істеді. Әуелі КОКП Семей облыстық комитетінде, содан кейін Жаңасемей, Новопокровск аудандарының атқару комитетінде еңбек етті. 1977-1982 жылдары "Түрксіб" совхозы партия комитетінің хатшысы болып жұмыс істеді және осы жерден құрметті демалысқа шықты. Қызыл жұлдыз және І дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, "Жауынгерлік еңбегі үшін", "Кенигсбергті алғаны үшін", "Германияны жеңгені үшін" медальдарымен марапатталған.

Жеңіс Парадының қатысушысы Иван Гапичке де "Халық қаһарманы" атағы берілген.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен 1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Жеңіс Парадының қатысушысы Иван Степанович Гапичке "Халық қаһарманы" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі - Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылды", - делінген хабарламада.

Иван Степанович Гапич - Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері. 1923 жылы 2 ақпанда Ақмола қаласында дүниеге келген. Польшаны, Чехословакияны, Украинаны азат етуге қатысты. Бүкіл соғысты бастан өткерген майдангер фашистердің гарнизондары мен комендатураларын талқандаған, оқ-дәрі және азық-түлік қоймаларын жойған отрядтың жауынгерлік операцияларына қатысқан.

Қызыл жұлдыз және ІІІ дәрежелі Даңқ ордендерімен, "Ерлігі үшін", "Жауынгерлік еңбегі үшін", "Кенигсбергті алғаны үшін", "Германияны жеңгені үшін" медальдарымен, "Прокуратураның құрметті қызметкері" төсбелгісімен, І, ІІ, ІІІ дәрежелі "Ерен еңбегі үшін" медальдарымен, "Құрмет" орденімен, ІІ дәрежелі "Даңқ" орденімен марапатталған. Батыс Қазақстан облысының құрметті азаматы. 1945 жылы 24 маусымда Қызыл алаңда өткен Жеңіс парадының қатысушысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer