Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына Есеп комитетінің жұмыстары, мемлекеттік аудит жүйесінің ахуалы, сондай-ақ, қазіргі тексерістердің алдын ала қорытындылары жөнінде есеп берілді.
Қазақстан Президенті мемлекеттік мекемелерге жобалық-сметалық құжаттамалар әзірлеуде және оны мемлекеттік сараптамадан өткізуде тиімді тәсіл қажет екенін айтты.
Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев бюджет заңнамасын және экономикалық жоспарлауды жетілдіруге, сондай-ақ, қаржы заңын бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейтуге бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді.