Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапармен барды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында мәлімдеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапармен барды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында мәлімдеді.
Қазақстан Президенті Канцлер Ангела Меркельмен келіссөздер өткізеді. Мемлекет басшылары екіжақты қарым-қатынастардың жай-күйі мен даму перспективаларын талқылайды.
Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев сапар барысында Президент Франк-Вальтер Штайнмайермен және ГФР-дің белгілі саясаткерлерімен кездеседі.
© Президент баспасөз хатшылығы
Мемлекет басшысы 6 желтоқсанда Берлин Еуразиялық Клубының 28-отырысына қатысып, сөз сөйлейді. Сондай-ақ бірқатар неміс компанияларының басшыларымен кездесу өткізеді.