11 наурыз 2015 14:39

Мемлекет басшысы: қазақстандықтар - бір келешектің ұлты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды "бір келешектің ұлты" деп атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Астанада "Нұр Отан" партиясының съезінде Мемлекет басшысы Қазақстан халқының біркелкілігін одан әрі нығайту туралы айтты. 


ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды "бір келешектің ұлты" деп атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Астанада "Нұр Отан" партиясының съезінде Мемлекет басшысы Қазақстан халқының біркелкілігін одан әрі нығайту туралы айтты. 

"бір келешектің ұлты - біз, қазақстандықтар. Бұл сөзбен бәрі түсінікті болып тұр. Этностар арасында ешқандай айырма болмауы керек: біз - қазақстандықпыз. Біз елде тұрақтылық пен келісімнің өзіндік үлгісін дамытуда айтарлықтай табысқа жеттік. Қазақстан Конституциясы нәсілдік, этникалық, діни, әлеуметтік ерекшелігіне қарамастан, барлық азаматтың теңқұқылы болуына кепілдік береді. Заңның дәлдігін қадағалайтын органдар заңда не жазылғанын айтып қана қоймай, Конституцияның осы талабын қамтамасыз етуі керек. Қазақстанның біркелкілігін одан әрі нығайту қажет, яғни біз бір жұдырық болуымыз керек", - деді Мемлекет басшысы. 

"Бұл бәрінен бұрын азаматтық қағидасына негізделуі керек. Қазақстанның барлық азаматы бір құқықты қолдануы керек. Бір жауапкершіліктің жүгін көтеруі керек, тең мүмкіндіктерге қол жеткізуі керек. Егер мемлекеттік қызмет меритократия қағидалары бойынша - әділ, байқау арқылы жүретін болса, барлық ұлтқа, этносқа "кімді алғым келсе, соны" таңдауға емес, жұмыс істеуге "лифт" бар", - деді Мемлекет басшысы. 

Айта кетейік, бүгін "Нұр Отан" партиясының кезекті съезі барысында Нұрсұлтан Назарбаев осы жылдың 26 сәуірі күні өтетін сайлауға қатысуға келісім берген болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети