Мемлекет басшысы Олимпиадалық су спорты орталығында болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Олимпиадалық су спорты орталығында болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан Президенті елорданың көпфункционалды мұз сарайында орналасқан жаңа орталық ғимаратын аралап, жұмысымен танысты.
Іс-шара аясында су спорты өкілдері келушілер назарына трамплиннен суға секіру, мәнерлеп жүзу және су полосы ойынын ұсынды.
Әлемдік сапа стандарттарына сәйкес салынып-жабдықталған спорт ғимараты халықаралық ауқымды жарыстар өткізуге арналған және толыққанды оқу-жаттығу үдерісіне жағдай жасалғандығымен ерекшеленеді. Таяуда Олимпиадалық орталықта Қазақстан Республикасының суға секіру, мәнерлеп жүзу, су полосы және жүзу бойынша ұлттық құрама командалары дайындық өткізеді деп жоспарланып отыр.