30 қыркүйек 2016 | 14:03

Мемлекет басшысы Павлодар облысының жұртшылығымен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ақорда © Ақорда

Қазақстан Президенті Павлодар облысына жұмыс сапары аясында жұртшылық өкілдерімен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Оған еңбек сіңірген ардагерлер, өндірістік кәсіпорындардың жұмысшылары, аграрлық сала өкілдері, жастар көшбасшылары, спортшылар, қоғамдық ұйымдар мен этномәдени бірлестіктер жетекшілері қатысты.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Павлодар облысына жұмыс сапары аясында жұртшылық өкілдерімен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Оған еңбек сіңірген ардагерлер, өндірістік кәсіпорындардың жұмысшылары, аграрлық сала өкілдері, жастар көшбасшылары, спортшылар, қоғамдық ұйымдар мен этномәдени бірлестіктер жетекшілері қатысты.

Елбасы тәуелсіздік жылдарында дамудың орнықты экономикалық моделі жасалғанын атап өтті.

"Нарықтық экономика үшін дамудың жаңа "локомотивіне" айналған мықты кәсіпкерлер табы пайда болды. Бүгінде елімізде 1 миллион 260 мыңнан астам шағын және орта бизнес кәсіпорындары бар", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы елдің әлеуметтік саладағы жетістіктерінің де маңыздылығын атап өтті.

"БҰҰ-ның даму бағдарламасының рейтингіне сәйкес, Қазақстан әлемде 55-орын иеленіп, адами даму деңгейі жоғары мемлекеттер тобына енді", - деді Қазақстан Президенті.

Сондай-ақ, Елбасы Қазақстан экономикасының «индустриялық-өнеркәсіптік тірегіне» айналған өңірдің елеулі даму нәтижелеріне назар аударды.

"Өңірдің одан әрі дамуының іргелі индустриялық базасын құраған ауқымды жобалар жемісті жүзеге асырылды. Атап айтқанда, қуаттылығы жылына 250 мың тонна болатын, бастапқы алюминий өндірілетін электролиз зауыты салынды, ол Қазақстанды түсті металлургиядан жетекші елдер қатарына қосты. Бұл маңызды жобаның дамуы барысында "Қазэнергокабель" акционерлік қоғамында алюминий сымдарының өндірісі іске қосылды. Тағы бір маңызды нысан - қуаттылығы жылына 30 мың тонна болатын хлор мен күйдіргіш сода шығару жөніндегі "Каустик" акционерлік қоғамының зауыты", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Іс-шара барысында телекөпір өтті. Оның аясында Бозшакөл тау-кен байыту комбинатын кеңейту мақсатымен кенді қайта өңдейтін және мыс концентратын шығаратын жаңа фабрика ресми түрде іске қосылды.

Қазақстан Президенті жиналғандарды осы тарихи жаңалықпен құттықтап, жаңа өндірістің іске қосылуы Павлодар облысының индустриялық-инновациялық әлеуеті жоғары екенін көрсететінін атап өтті.

"Жаңа кәсіпорын Бозшакөл тау-кен байыту комбинатының кенді қайта өңдеу қуатын 30 млн тоннаға, мыс концентратын өндіру көлемін 100 мың тоннаға дейін арттыруға  мүмкіндік береді", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен бірге Мемлекет басшысы облыстың энергетика саласында да көш бастап тұрғанын айтты.

"Тәуелсіздік жылдары оған 600 млрд теңге инвестиция салынды, 2300 мегаваттан астам жаңа қуат көзі іске қосылды", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті облыстың көлік инфрақұрылымы жақсарғанын атап өтті.

"Ақсу - Курчатов теміржол тармағы іске қосылды, Омбы қаласына дейінгі халықаралық автодәліз қайта жаңартылды. Қазіргі таңда "Нұрлы жол" бағдарламасы ойдағыдай жүзеге асырылып жатыр. Оның аясында Ертіс өзені үстінен көпір өткелі салынуда. Астана - Павлодар бағытында салынып жатқан автобанның құрылысы жоспар бойынша 2017 жылы аяқталады", –-деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев әлеуметтік салада жүйелі жұмыс жүргізіліп отырғанын айтты.

"Облыстың тұрғын үй қоры 25 жылда 1,7 млн шаршы метр тұрғын үйге дейін көбейді. Былтырғы жылдың өзінде денсаулық сақтау саласын дамытуға 35 млрд теңге бөлінді. Бұл Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылындағыдан 100 есе көп. Өңірдегі білім беру саласындағы көрсеткіштер де жақсы. Облыста апатты жағдайда тұрған және үш ауысыммен оқытатын мектептер жоқ", - деді Қазақстан Президенті.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы әлемдік нарықтағы тұрақсыздық пен қарқынды технологиялық өзгерістер жағдайында елімізді одан әрі дамыту үшін төтенше шаралар қабылдау қажет екеніне назар аударды. Ең бірінші кезектегі маңызды міндет - Қазақстан экономикасын дамудың индустриялық-инновациялық жолына көшіру.

Нұрсұлтан Назарбаев экономикалық өсімді, халықтың тұрмыс деңгейін көтеру үшін мемлекет тарапынан қажетті барлық жағдайлар жасала беретінін айтты.

Жұртшылық өкілдері Мемлекет басшысына өңірді дамыту мәселелеріне ұдайы көңіл бөліп, тиімді мемлекеттік саясат жүргізіп отырғаны үшін ризашылықтарын білдірді.

Соңында Қазақстан Президенті облыстың тәуелсіздік жылдарындағы барлық жетістігіне өңір тұрғындарының ерен еңбегі арқасында қол жеткізілгенін айтып, павлодарлықтарға зор денсаулық, амандық және береке-бірлік тіледі.

Еске салайық, Мемлекет басшысы осыған дейін Павлодар облысына жұмыс сапары барысында "Сарыарқа" шағын ауданында болдыған еді.
 
Елбасына шағын аудандағы көппәтерлі тұрғын үйлер құрылысының барысы және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізу қарқыны туралы баяндалды. Нұрсұлтан Назарбаев екі балабақша мен әлеуметтік-мәдени бағыттағы нысандар құрылысына арналған нақтылы жобамен танысты. Сондай-ақ, жолдар мен инженерлік коммуникацияны қайта жөндеу, жасыл көшет отырғызу, тұрғын-үйлердің ауласын балаларға арналған алаңмен жабдықтау арқылы абаттандыру қарастырылуда.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті жаңа "Сарыарқа" шағын ауданында орналасқан Балалар техникалық мектебін аралап көрді. Онда оқушылар робот жасау, радиоэлектроника, ұшақ және кеме модельдеу негіздері жөнінде білім алып, жаратылыстану мен гуманитарлық пәндер бойынша бірқатар мектеп бағдарламасын тереңдетіп оқи алады. 

Мемлекет басшысына студенттердің іске асырылған, қазір өнім бере бастаған бизнес жобалары туралы баяндалды.

Сондай-ақ, Елбасыға Павлодар мемлекеттік университетінің оқу үдерісіне "кәсіпкерлік арқылы оқыту" жөніндегі жаңа қағидаттың енгізіліп жатқаны жөнінде айтылды. Оның аясында оқу орнының барлық студенті кәсіпкерлік пен көшбасшылық курстарынан өтеді. Нұрсұлтан Назарбаев студенттер ұсынған бизнес жобалардың әлеуетінің жоғарылығы мен жасампаздығын атап өтті.

"Қазіргі уақытта мемлекет бизнестің дамуы үшін барлық қажетті жағдайды жасап отыр. Әлемнің көптеген елінде жастардың студенттік кезеңде өзінің стартап-жобаларын бастап, жоғары оқу орнын бітіргенде бірталай жетістікке жетуіне мүмкіндік беретін тәжірибелер бар. Мұндай жағдайлар еліміздің өзге өңірлерінің жоғары оқу орындарының студенттері үшін де жасалуға тиіс", - деді Қазақстан Президенті.

Студенттер мен оқытушылар Елбасыға зор денсаулық тілеп, жас ұрпақты жетілдіру мәселесіне деген қамқор көзқарасы, жанашырлығы үшін алғыс білдірді. 

Сондай-ақ Елбасы жұмыс сапары барысында "Арго" ЖШС-нің ауыл шаруашылығы кешеніне барды. Мемлекет басшысына кәсіпорынның өндірістік қуаты, жұмысының негізгі бағыттары туралы баяндалды. Сондай-ақ, Елбасы өңірде өсірілетін ауыл шаруашылығы өнімдері көрмесін аралап, облыстың ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерімен кездесті. Олар орақ науқанының барысы мен аграрлық саланың даму қарқыны жөнінде әңгімеледі.

Жиналғандарға арнаған сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев ғылыми-зерттеу институттарының әлеуетін өңірдің агроөнеркәсіп кешенінің өнімділігін арттыру үшін пайдалану қажеттігін айтты. Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті Қытайға таяудағы сапары барысында сол елге экспортталатын дәнді және майлы дақылдар мөлшерін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік беретін келісімге қол жеткізілгенін ерекше атап өтті. Облыстағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының өкілдері Мемлекет басшысына елдің ауыл шаруашылығы саласына қамқорлығы мен қолдауы үшін алғыс білдірді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети