Мемлекет басшысы Qarmet металлургиялық комбинатына барды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Qarmet металлургиялық комбинатына барды Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қарағанды облысына жұмыс сапары Теміртау қаласындағы Qarmet металлургиялық комбинатын аралап көруден басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қарағанды облысына жұмыс сапары Теміртау қаласындағы Qarmet металлургиялық комбинатын аралап көруден басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент №3 домна пешінің жұмысымен танысты. Мұнда жылына 3,8 миллион тонна шойын өндіріледі.

"Qarmet" акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев пен кәсіпорынның бас директоры Вадим Басин өндірісті дамыту үшін атқарылған және жүзеге асырылып жатқан жобалар жөнінде баяндады. Бұл мақсатқа 3,5 миллиард доллардан астам қаржы қарастырылған. Бұдан бөлек 500 миллион доллар шамасында Көмір департаментіндегі және 978 миллион доллар көлемінде Темір рудасы департаментіндегі жобаларға қосымша инвестиция құю жоспарланған.

Кәсіпорын ғимараттар мен нысандарға ауқымды жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Биылғы жаңғырту бағдарламасына 100-ден астам нысан енген. 50 мың шаршы метр шатыр ауыстырылуда. Сонымен қатар бұған дейін қабылданған "Тазалық" бағдарламасына сәйкес 120 санитариялық-тұрмыстық ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізіле бастады.

Мемлекет басшысына сляб пен блюм шығаратын №2 конверторлық цех пен металл әзірлемелерін үздіксіз құю машинасының жұмысы таныстырылды. Кәсіпорын басшылығы бүгінде мекеменің техникалық жағдайын бабында ұстап тұру, жөндеу жүйесін, сондай-ақ кристалдандырғыш айналым жүйелері мен барлық машина сегменттерін жетілдіру басты міндет екенін атап өтті. Келесі жылы басқару және гидравлика жүйелерін жаңғырту жұмыстары атқарылмақ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети