11 ақпан 2015 | 12:44

Мемлекет басшысы ұлттық компанияларды теңгені қолдауға шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Қазақстан теңге бағамының күрт ауытқуына жол бермеуге тырысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан теңге бағамының күрт ауытқуына жол бермеуге тырысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді.

"Самұрық-Қазына" басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеевтің баяндамасынан кейін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев барлық ұлттық компанияларға өтініш білдірді.

"Барлық холдингтер мен ұлттық компанияларға өз ақшалаларыңды айырбастау арқылы ұлттық валютаға қолдау көрсету туралы өтінішім бар. Әрине, келісу керек, қажеттілік сәті болады. Сол сәт теңге үшін өте маңызды. Менің барлық ұлттық компанияларға айтарым - Қазақстан теңге бағамының күрт ауытқуына жол бермеуге тырысады және сіздердің мүдделеріңізді толықтай ескереді. Сондықтан сіздердің мүдделеріңіз де, жалпы мүдде де бар", - деді Назарбаев.

Еске сала кетейік, 2014 жылы 24 желтоқсанда Қазақстан Үкіметі мен Ұлттық банктің экономикалық саясаттың 2015 жылға арналған негізгі бағыттары туралы тиісті мәлімдемесі жарияланған болатын. Мәлімдемеде валюталық саясат казақстандық экономиканың ішкі және сыртқы бәсекеге қабілеттілігі арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуге бағытталатыны туралы айтылған. Сонымен бірге, теңгенің айырбас бағамының шұғыл ауытқуларына жол берілмейтіні көрсетілген. Сонымен бірге, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің бағаларын шартты бірліктермен белгілеуге тыйым салынатыны айтылды және доллармен ашылған депозиттердің жылдық сыйақы мөлшері төмендейтіні айтылды.

Сонымен қатар, Қайрат Келімбетов Ұлттық банк биыл айырбас бағамының күрт өзгеруін болдырмауға ниетті екенін мәлімдеді

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети