Мемлекет басшысының атына құттықтау жеделхаттары келіп түсіп жатыр

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау жеделхаттары келіп түсіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау жеделхаттары келіп түсіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Оңтүстік Кореяның Президенті Мун Чжэ Ин корей халқының атынан жүрекжарды құттықтауын жолдады.

"Елдеріміз түрлі сала бойынша ынтымақтастықты дамытып келеді. Атап айтқанда, біздің өзара алмасқан сапарларымыз және генерал Хон Бом Доның мүрдесінің тарихи отанына қайтарылуы екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің одан ары тереңдеуіне мүмкіндік берді деп санаймын. Келесі жылы мемлекеттеріміз арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығы атап өтіледі. Екі ел арасындағы көпжылдық достық қатынастарды одан ары дамытып, халықтарымыздың байланыстары мен ықпалдастығын тереңдете береміз деп сенемін", - делінген жеделхатта.

Сингапур Президенті Халима Якуб өз құттықтауында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстан халқын Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтап, екі мемлекет арасында тығыз ынтымақтастықты жандандыруға мүмкіндік бар екенін атап өткен.

"Сингапур мен Қазақстан жоғары деңгейдегі берік әрі жеке байланыстар арқылы бекемделген шынайы достық қатынас орнатқан. Халықаралық сауданың негізгі транзиттік тораптары ретінде екі елдің орналасқан стратегиялық орнын ескере отырып, жүк тасымалы байланыстарын дамытуға өзара мүдделіміз", - деп жазған Сингапур Президенті.

Арменияның Премьер-министрі Никол Пашинян да өзінің құттықтауы мен игі тілектерін жолдай отырып, Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы маңызды жетістіктерін атап өткен.

"Біздің өзара күш-жігеріміз Армения мен Қазақстан арасындағы табысты ынтымақтастықты екіжақты форматта да, интеграциялық қауымдастықтар мен көпжақты ұйымдар аясында да  одан әрі дамытуға бағытталатынына сенімдімін. Мұның бәрі екі ел халықтарының мүддесін көздейді", - делінген жеделхатта.

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай Оман сұлтаны Хайсам Бин Тариқ, Непал президенті Бидхья Деви Бхандари, Австралияның премьер-министрі Скотт Моррисон, Израильдің бұрынғы премьер-министрлері Биньямин Нетаньяху және Эхуд Ольмерт, БҰҰ-ның Женевадағы  бөлімшесінің бас директоры Татьяна Валовая, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус, Ресей Федерациясы Сыртқы барлау қызметінің директоры Сергей Нарышкин, "Mabetex Group" компаниясының президенті Африм Паколли және басқалар өз құттықтауларын жолдады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro