Мемлекет басшысы Есеп комитетінің төрайымын қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Есеп комитетінің төрайымын қабылдады © akorda.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына Есеп комитетінің жұмыстары, мемлекеттік аудит жүйесінің ахуалы, сондай-ақ, қазіргі тексерістердің алдын ала қорытындылары жөнінде есеп берілді.

Қазақстан Президенті мемлекеттік мекемелерге жобалық-сметалық құжаттамалар әзірлеуде және оны мемлекеттік сараптамадан өткізуде тиімді тәсіл қажет екенін айтты. 

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев бюджет заңнамасын және экономикалық жоспарлауды жетілдіруге, сондай-ақ, қаржы заңын бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейтуге бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети