Мемлекет басшысы "Жол жүрісі туралы" заңға қол қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы "Жол жүрісі туралы" заңға қол қойды Иллюстрация tengrinews.kz

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Жол жүрісі туралы" заңға қойды, -  деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Жол жүрісі туралы" заңға қойды, -  деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы Қазақстандағы жол жүрісінің құқықтық негізі мен жұмыс істеуінің ортақ шарттарын белгілеуге және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған "Жол жүрісі туралы" заңға қол қойды", - делінген хабарламада. Сондай-ақ, Президент жол жүрісі саласындағы құқық бұзушылыққа жауапкершілікті күшейтуге, сондай-ақ заңнамалық актілерді "Жол жүрісі туралы" заңға сәйкестендіруге бағытталған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды.

"Жол жүрісі туралы" Заңда жемқорлық құқықбұзушылықтан сақтану үшін жүргізушіге инспектор көлігіне отыруға тыйым салынған. Сондай-ақ құжатта шығарылған мерзімі төрт жылдан аспаған жаңа автокөліктерді міндетті техбайқаудан босату көзделген.

Сонымен бірге заң жобасынан "жүргізудің агрессивті әдісі" деген ұғым алынып тасталған. Өйткені бұл норманың Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің бұрылу, басып озу қағидаларын бұзғаны немесе көлік құралының қозғалысына кедергі жасағаны үшін жауаптылықты белгілейтін ережелерімен ұқсастығы бар.

Бұдан бөлек, мас күйінде көлік жүргізгендер 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 10 жылға көлік жүргізу құқынан айрылады. Ал дәл осы әрекетті екінші рет қайталағандар 30 күнге әкімшілік қамауға алынып, 15 жылға көлік жүргізу құқынан айрылады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 514.12  course down  603.32  course up  6.44  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети