Мемлекет басшысының Ресейге ресми сапары әлемдік БАҚ назарында

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысының Ресейге ресми сапары әлемдік БАҚ назарында © akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге сапарын әлем бұқаралық ақпарат құралдары жан-жақты жазып жатыр, - деп хабарлайды Хабар 24 тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге сапарын әлем бұқаралық ақпарат құралдары жан-жақты жазып жатыр, - деп хабарлайды Хабар 24 тілшісі. 

Себебі бұл - еліміздегі саяси өзгерістерден кейін жаңа басшының шетелге жасаған алғашқы сапары. Сондықтан Мәскеудегі кездесу тілшілердің назарынан тыс қалмады.

Америкалық белді басылымның бірі "Washington Post" газеті Президент Тоқаевтың шетелге алғашқы сапарына назар аударып, оның маңыздылығын атап өтті. Басылымның жазуынша, кездесу Қазақстандағы саяси өзгерістерге қарамастан, екі мемлекет арасындағы достық қатынастың әрі қарай жалғасатынын көрсетеді және де Елбасы Назарбаевтың стратегиясы дамып, батыс елдерімен де байланыс нығая түсетіні жазылған.

Ал қытайлық "Asia News" онлайн басылымы "Тоқаевтың алғашы шетелдік сапарына "Мәскеу және Нұр-Сұлтан, Ұлы Еуразия арманы" деген айдармен көлемді мақала арнады. Онда Қазақстан Президенттің Мәскеуге сапары мамырдың 29-ы Еуразиялық экономикалық одақтың 5-саммиті алдында жасалып отырғанына мән беріледі. Бұл екі елдің стратегиялық әріптесігін одан әрі нығайтып, еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық процестерді дамытуға бағытталғанын аңғартады", - дейді басылым.

Мемлекет басшысының Мәскеуге сапарын ағылшын тілді "The Moscow Times" тәуелсіз басылымы да жариялады. Екі ел басшыларының кездесуі Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасына серпін беріп, әріптестік жалғасатыны жазылған. Осы ретте агенттік президент Тоқаевтың "екіжақты қарым-қатынас - мемлекетаралық байланыстың үлгісі" деп айтқанына ерекше мән береді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети