Мемлекет басшысының шешіміне қатысты пікір білдірмеймін - Бәлиева

М?жіліс депутаты За?ипа Б?лиева Бала ???ы?тары ж?ніндегі жа?а у?кілді? та?айындалуына ?атысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс депутаты Зағипа Бәлиева Бала құқықтары жөніндегі жаңа уәкілдің тағайындалуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

"Біріншіден, Мемлекет басшысының шешіміне қатысты пікір білдірмеймін және талқыламаймын да. Мемлекет басшысының істеп жатқанының барлығы дұрыс. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл болып тағайындалған адам ол жұмысқа өте лайық, ұзақ уақыт бойы құқық қорғау органдарында жұмыс істеді, балалардың проблемалары жайлы да естуі бар. Мен оның қасында болып, көмектесетін боламын", - деді Бәлиева сұхбатында.

Депутаттың айтуынша, бала құқықтарын қорғауға қатысты жұмыс оған үлкен тәжірибе болды. 

Реклама
Реклама

"Біз онымен хабарластық. Оны құттықтадым. Әрі қарай қалай жұмыс істейтініміз жайлы пікір алмастық. Ол менің қолдауыма жүгіне алады", - деді депутат.

Еске сала кетейік, кеше, 12 маусымда Нұрсұлтан Назарбаевтың Зағипа Бәлиеваны қызметінен босатқаны жайлы хабарланған болатын. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл болып Сәуле Айтпаева тағайындалды.

Tengrinews
Автор сұрағы
news2
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама