12 маусым 2018 19:49

Назарбаев Зағипа Бәлиеваны қызметінен босатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сәуле Айтпаева Бала құқықтары жөніндегі уәкіл болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Сәуле Айтпаева Бала құқықтары жөніндегі уәкіл болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының Өкімімен Зағипа Яхияқызы Бәлиеваның Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінен босатылғаны айтылады.

"Мемлекет басшысының Өкімімен Сәуле Мұханбедианқызы Айтпаева Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.

Зағипа Бәлиева 1958 жылы 3 қазанда Алматы облысы Кеген ауданы Жалаңаш ауылында дүниеге келген. 

Түрлі жылдары депутаттық қызметте болған. 2005-2009 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Әділет министрі,  2009-2011 жылдары IV сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі қызметінде болған.

2012 жылғы 20 қаңтардан бастап - V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі. "Нұр Отан" Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.

"Құрмет", "Парасат", "Күміс алқа", ордендерімен, "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл", "Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл", "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл" мерекелік медальдарымен марапатталған.

Тұрмыста, алты бала және немере тәрбиелеп отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети