ПОДЕЛИТЬСЯ
20 сәуір 2022 | 15:33
Мемлекет меншігіне тағы бірнеше кәсіпорын қайтарылады - Үкімет
Мемлекеттік меншікке тағы бірнеше кәсіпорын қайтарылады. Қазақстан Үкіметі республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы қаулы қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мемлекеттік меншікке тағы бірнеше кәсіпорын қайтарылады. Қазақстан Үкіметі республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы қаулы қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
"Көліктік сервис орталығы" акционерлік қоғамының (КСО) акциялары пакетінің 100 пайызын сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы "Темір Триумф" ЖШС-нің ұсынысы қабылдансын", - делінген Қаулы мәтінінде.
"КСО" АҚ Қазақстандағы 400-ден астам теміржол кірме жолдарының теңгерім ұстаушысы.
Сондай-ақ, сыйға тарту шарты бойынша "Integrity Solutions" ЖШС ақпараттық-коммуникациялық салада қызмет көрсететін "Soft Art" ЖШС жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің 50 пайызын республикалық меншікке беретіні айтылған.
Қаулыға сәйкес, "Bridge capital investments limited" жеке компаниясы мемлекетке тау-кен және өңдеу өнеркәсібі салаларында жұмыс істейтін "Акмолит" ЖШС, "Мархит" ЖШС, "Топаз-НС" ЖШС жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестерінің 100 пайызын береді.
"КСО" АҚ акциялары және аталған серіктестіктердің жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестері "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларына төлеуге беріледі, делінген қаулыда.
Қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также