29 мамыр 2015 | 13:30

Мемлекет пен билік халық алдында есепті болуы тиіс - Назарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Мемлекет пен билік халық алдында есепті болуы тиіс. Бұл туралы ТМД мен ЕАЭО елдері үкімет басшылары кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет пен билік халық алдында есепті болуы тиіс. Бұл туралы ТМД мен ЕАЭО елдері үкімет басшылары кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Енді біз әрқайсымызда өз шындығымыздың бар екенін түсінеміз. Демократияландыру бойынша көргің келмейтін нәрселер жасалады. (...) Біздің демократия мемлекетті халық алдында есепті қылумен негізделеді. Біздің іс мемлекеттік құпия болмаса, ашық болуы тиіс, адамдар үшін ақпарат, үкімет шешімі, әсіресе сол жерде қолжетімді болуы керек. Бюджет жергілікті парламентте қоғамдық ұйымдар мен адамдардың қатысуымен ашық түрде бекуі тиіс. Есеп әр жарты жыл сайын, әр дәреже халық алдында берілуі керек және сұрақтарға жауап берілуі тиіс", - деді Мемлекет басшысы отырыс барысында, елдің бес институционалдық реформасы туралы айтып.

Ол сонымен қатар, болашақта Қазақстан билігінің басым бөлігі Парламент пен үкіметке берілетінін атап өтті.

"Парламент пен үкіметке көбірек құқық беру керек шығар. Қазірге дейін бізде президенттік билік болып келді, оны білесіздер. Салмақты вертикаль, мықты президенттік билік. Орта санаттың өсіміне қарай, оны бәсеңдетіп, үкіметтің өз бетінше жұмыс істеуіне мүмкіндік беру керек шығар және парламентке көбірек құзырет беру керек", - деп сөзін қорытындылады Назарбаев.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети