10 қазан 2016 | 11:34

Мемлекет тұрғын үйлер құрылысын аяқтау үшін үлескерлерге кепілдік беретін болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vlast.kz © vlast.kz

Тұрғын үй құрылысына халықтың қаражатын тартудың жаңа тетіктерін енгізуге және үлескерлердің тәуекелдерін барынша азайтуға бағытталған "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" жаңа заң күшіне енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Тұрғын үй құрылысына халықтың қаражатын тартудың жаңа тетіктерін енгізуге және үлескерлердің тәуекелдерін барынша азайтуға бағытталған "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" жаңа заң күшіне енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Жаңа тетік бойынша кепілдік беру жағдайлары мыналар болып табылады: тұрғын үйлерді пайдалануға беру мерзімінің бұзылуы, ақшаны орынсыз пайдалану, сот шешімі бойынша құрылыс салушының дәрменсіздігі", - деп хабарлады қордың өкілдері.

Бастапқы кезеңде Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры құрылыс салушының өтінімін қарау кезінде, оның жаңа заң талаптарына сәйкес келуін тексереді. Барлық талаптарға сәйкес келген жағдайда, қор құрылыс салушымен және уәкілетті компаниямен кепілдік беру туралы шарт жасасады. Қор одан кейін салынып жатқан тұрғын үй сапасын бақылайтын тәуелсіз инжинирингтік компанияны тарта отырып, үлескерлер ақшасының орынды жұмсалуын, сондай-ақ пайдалануға енгізілген тұрғын үйдің сапасын бақылайтын болады.

Жалпы, қор өкілдерінің айтуынша, тұрғын үй құрылысына кепілдік беру тетігін іске асыру үлескерлер үшін де, инвесторлар үшін де құрылыс саласының инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз етеді, сонымен қатар, құрылыс саласының ашықтығы мен құрылыс салушының жауапкершілігін арттырады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети