Мемлекеттік бюджет кірістері өткен жылмен салыстырғанда 108,9 пайызға ұлғайды - министр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекеттік бюджет кірістері өткен жылмен салыстырғанда 108,9 пайызға ұлғайды - министр Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов. © PrimeMinister.kz

Бүгін ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен ҚР Үкіметі отырысы барысында биыл 8 айдағы республикалық бюджеттің атқарылу қорытындысы қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкімет сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен ҚР Үкіметі отырысы барысында биыл 8 айдағы республикалық бюджеттің атқарылу қорытындысы қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкімет сайтына сілтеме жасап.

Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов биыл 8 айдағы бюджеттің атқарылуы экономика өсімі жағдайында қамтамасыз етілгенін баяндады. Экономика салаларын дамытудың оң нәтижелері мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігінің атқарылуына айтарлықтай әсер етті.

Ағымдағы жоспарды орындау бойынша, сондай-ақ өткен жылдың ұқсас кезеңіне өсу қарқыны бойынша да оң тренд байқалып отыр екен. Мысалға, мемлекеттік бюджеттің кірістері (трансферттерді есептемегенде) өткен жылмен салыстырғанда 366,9 миллиард теңгеге немесе 108,9 пайызға ұлғайды. Оның 172,2 миллиард теңгесі республикалық бюджетке, ал 195,2 миллиард теңгесі жергілікті бюджеттерге тиесілі.

Бұл фактор қаржы секторын қолдаудың қосымша көздерін пайдалану және жалпы сипаттағы трансферттерді қайта қараумен бірге мемлекеттік бюджет шығындары өсімінің өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда шамамен 3 трлн теңгеге немесе 47,6 пайыз өсуіне алып келді.

Жалпы биыл 8 айда мемлекеттік бюджетке (трансферттерді есептемегенде) 4 512,3 миллиард теңге көлемде кірістер келіп түскен. Асыра орындау 194,5 млрд теңгені немесе есептік кезеңдегі жоспардың 104,5 пайызға тең. 

Республикалық бюджет бойынша ағымдағы жоспар 102,2% орындалды. 3 083,4 млрд теңге (3 016 миллиард теңге жоспар кезінде) жиналды, асыра орындау 67,4 миллиард теңгеге тең болды. Жалпы барлық түсімдер бойынша өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай өсім байқалып отыр.

Жергілікті бюджеттердің кірістері 1 429,7 миллиард теңге болды. Бұл есептік кезеңдегі жоспардың 109,8 пайыз (асырау орындау сомасы 127,8 миллиард теңге).

Мемлекеттік бюджет шығындары 9 021,7 миллиард теңгені немесе есептік кезеңдегі жоспардың 97,7 пайыз болды. Биыл 8 айда республикалық бюджет шығындары 7 982,6 миллиард теңгеге немес есептік кезеңдегі жоспардың 98,6% игерілді. Жергілікті бюджеттердің шығындары 3 023 миллиард теңге сомасында немесе есептік кезеңдегі жоспардың 96,7 пайыз атқарылды.

"Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы бойынша 8 айда 272,7 миллиард теңгеге немесе есептік кезеңдегі жоспардың 99,9 пайызы игерілгені жеке атап өтілді. Қаражат көлік-логистикалық және индустриялық инфрақұрылымды дамытуға, ТКШ жаңғыртуға, су және жылумен қамту және су бұру желілеріне, білім беру саласындағы инфрақұрылымды дамытуға бағытталған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети