Мемлекеттік қызметкерлер заңсыздықтарға көбіне қылмыстық ниеттен бармайды - Қожамжаров

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекеттік қызметкерлер заңсыздықтарға көбіне қылмыстық ниеттен бармайды - Қожамжаров ©Тengrinews.kz

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жұмысының басым бағыттарының бірі мемлекеттік қызметкерлерді қорғау болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство басшысы Қайрат Қожамжаровқа сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жұмысының басым бағыттарының бірі мемлекеттік қызметкерлерді қорғау болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство басшысы Қайрат Қожамжаровқа сілтеме жасап.

"Мемлекеттік қызметкерлерге көбіне өз мәселелерін жалғыз өзі бастан өткеруге тура келеді. Мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары көп жағдайда заңбұзушылықтарға қылмыстық ниеттен емес, өз кінәсінен болмайтын жағдайлардың әсерінен барып жатады. Көбіне ондай жағдайлар құқықтық қайшылықтардың, заңдардың жетілмеуінің салдарынан болады", - деді Қожамжаров "Қазақстан-2050" демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясы отырысы барысында.

Оның айтуынша, осындай жағдайларға байланысты шаруашылық қатынастарды реттеудің көп тетіктерін жетілдіру қажеттігі туындайды. "Біздің міндетіміз - мұндай жағдайларды зерттеп, оларды заң жүзінде және ұйымдасқан түрде реттеу. Мемлекеттік қызметкерлер кез келген мәселе бойынша құпия жағдайда келіп хабарласа алатын бірыңғай кеңес беру орталығын ашу дұрыс болады деп ойлаймын", - деді Қожамжаров.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети