Мемлекеттік хатшы міндетін уақытша атқару Нығматулинге жүктелді

Нұрлан Нығматулин. ©Тұрар Қазанғапов

ҚР Мемлекеттік хатшысы міндетін уақытша атқару ҚР Президенті Әкімшілігінің жетекшісі Нұрлан Нығматулинге жүктелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының өкімімен Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы міндетін уақытша атқарудан босатылды", - делінген Ақорданың сайтында жарияланған хабарламада.

Сондай-ақ Серік Ахметовтің басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметтен босатылғаны хабарланған. 

Реклама
Реклама

"Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшылығының меңгерушісі Азамат Құрманбекұлы Әбдімомынов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысының міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды", - делінген сайтта.

Еске сала кетейік, Президенттің Жарлығымен Әділбек Жақсыбеков Астана қаласының әкімі, ал Астананың экс-әкімі Иманғали Тасмағамбетов Қорғаныс министрі болып тағайындалған еді. 

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама