ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 22 қазан 2014 16:54
Мемлекеттік хатшы міндетін уақытша атқару Нығматулинге жүктелді
ҚР Мемлекеттік хатшысы міндетін уақытша атқару ҚР Президенті Әкімшілігінің жетекшісі Нұрлан Нығматулинге жүктелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының өкімімен Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы міндетін уақытша атқарудан босатылды", - делінген Ақорданың сайтында жарияланған хабарламада.
Сондай-ақ Серік Ахметовтің басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметтен босатылғаны хабарланған.
"Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшылығының меңгерушісі Азамат Құрманбекұлы Әбдімомынов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысының міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды", - делінген сайтта.
Еске сала кетейік, Президенттің Жарлығымен Әділбек Жақсыбеков Астана қаласының әкімі, ал Астананың экс-әкімі Иманғали Тасмағамбетов Қорғаныс министрі болып тағайындалған еді.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу