Мемлекеттік аудиторлар 355 миллиард теңгенің заңбұзушылықтарын анықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекеттік аудиторлар 355 миллиард теңгенің заңбұзушылықтарын анықтады Фото:depositphotos.com

Жоғары аудиторлық палата 2025 жылғы І тоқсанда 24 нысанда 4 аудиторлық іс-шара аяқталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жоғары аудиторлық палата 2025 жылғы І тоқсанда 24 нысанда 4 аудиторлық іс-шара аяқталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осылайша 5,9 триллион теңге қамтылған. 355 миллиард теңгеге заңбұзушылықтар анықталған. Оның ішінде: 3,3 миллиард теңге қаржылық заңбұзушылықтар, 287,6 миллиард теңгеге мемлекет қаражаты мен ресурстарын тиімсіз пайдалану, 64,6 миллиард теңгеге жоспарлау кемшіліктері.

"3,3 миллиард теңге көлеміндегі қалпына келтірілуге тиіс қаржының 1 миллиард теңгесі бюджетке қайтарылды. Үкіметке 32 ұсыныс жолданып, аудит объектілеріне 159 тапсырма берілді. Олар толық орындалғанға дейін Жоғары аудиторлық палатаның бақылауында болады", - деп жазылған хабарламада.

Мәліметке сүйенсек, 2025 жылы шамамен 30 аудиторлық іс-шараны аяқтау жоспарланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети