Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруда 7,2 миллиардқа заңбұзушылық анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруда 7,2 миллиардқа заңбұзушылық анықталды Фото: © Тұрар Қазанғапов/ tengrinews

Бюджеттен қаржыландыру алған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруда, оның ішінде "Жұмыспен қамтудың жол картасы" шеңберінде 7,2 миллиард теңгеге заңбұзушылықтар анықталды. Бұл туралы қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бюджеттен қаржыландыру алған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруда, оның ішінде "Жұмыспен қамтудың жол картасы" шеңберінде 7,2 миллиард теңгеге заңбұзушылықтар анықталды. Бұл туралы қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министр Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен ашық жұмыс орындары мен жұмысқа орналасқан азаматтар туралы мәліметтерді электрон түрде қабылдау қамтамасыз етілетінін атап өтті.

"Жақында бюджеттен, оның ішінде "Жұмыспен қамтудың жол картасы" аясында қаржыландыру алған мемлекеттік бағдарламаларға қатысушыларға қашықтан бақылау және талдау жүргізілді. 7,2 миллиард теңгеге 20 мыңға жуық заңбұзушылық анықталды. Бұл бағыттағы жұмыс күшейтіледі", - деді министр Үкімет отырысында.

Сондай-ақ, оның айтуынша, салықтық әкімшілендіруді жеңілдету мен жұмсарту бойынша кешенді шаралар қабылданып жатыр, олар тауарларды қадағалау жүйесін, тауарларға ілеспе жүкқұжаттар мен электрон пломбаларды енгізу. Бұл контрагенттер арасындағы жұмыстың ашықтығын қамтамасыз етеді.

"Бұдан басқа, ҚҚС әкімшілендіруде Blockchain-технологияны енгізу жоспарланып отыр, бұл салық төлеуден жалтаруды айтарлықтай төмендетеді және қолма-қол ақша алу жөніндегі мәмілелерді қысқартады. Ірі бизнестің көлденең мониторингі бойынша пилот жоба басталды. Сонымен қатар, жеке тұлғалардың мүлкі мен жеріне салынатын салықтар біріктірілді. Көппәтерлі тұрғын үйлердің меншік иелері үшін жер салығы алынып тасталды", - деп түйіндеді министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети