15 желтоқсан 2014 19:24

Мемлекеттік хатшы бір топ азаматқа награда тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Марапаттау салтанатында түсірілген видеоның скриншоты. Марапаттау салтанатында түсірілген видеоның скриншоты.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова еліміздің бірқатар азаматтарына мемлекеттік наградалар тапсырды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова еліміздің бірқатар азаматтарына мемлекеттік наградалар тапсырды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Салтанатты рәсімді ашқан Мемлекеттік хатшы, ұлттық мерекеміз – Тәуелсіздік күні қарсаңында жоғары наградаларды табыс етудің терең символдық мәнін атап өтті. Бұл күндері бүкіл еліміз айрықша үздік деп танылған, қоғамды дамытуда және Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін нығайтуда халықтың құрметіне бөленген барша қазақстандықтарды марапаттайды.

"Республикамыз қол жеткізген табыстар - Елбасының стратегиялық көрегендігі мен саяси күш-жігерінің, сондай-ақ ел азаматтарының қалтқысыз қызметі мен қажырлы еңбегінің айқын көрінісі", - делінген хабарламада. 

Марапатталғандардың ішінде мәдениет, білім және ғылым, денсаулық сақтау салаларының қайраткерлері, экономика және бизнес өкілдері бар. Кездесу соңында Әбдіқалықова қатысушыларды алдағы Тәуелсіздік күнімен құттықтап, баршасына бейбітшілік пен құт-береке, Отанымыздың игілігі жолындағы еңбектеріне табыс тіледі.

Еске сала кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 30-дан астам адамға мемлекеттік наградаларды табыс еткен еді. Олардың арасында өнер мен мәдениет саласының өкілдері, қоғам мен мемлекет қайраткерлері және кәсіпкерлер бар. Тәуелсіздік күні қарсаңында мемлекеттік марапатқа барлығы 1,5 мың қазақстандық ие болды.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети