22 наурыз 2022 | 11:46

Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин "Екінші республика" ұғымының мағынасын түсіндірді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: akorda.kz Сурет: akorda.kz

Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Екінші республика" туралы пікірін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Екінші республика" туралы пікірін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Президент Алматы тұрғындарын Наурыз мерекесімен құттықтап, өз сөзінде "Екінші республика" деген жаңа анықтаманы қолданды. Осыған байланысты кейбір сарапшылар бұл ұғым қандай мағына білдіретінін және оның бұрын айтылған "Жаңа Қазақстан" тұжырымдамасына қандай қатысы бар екенін білгісі келеді. Шын мәнінде, бұл екі идеологеманың мәні бір, тек акцент әртүрлң қойылады", - деп жазды Қарин Telegram-да.

Оның айтуынша, Жаңа Қазақстан - еліміздің болашағының бейнесі.

"Ең алдымен, әңгіме қоғамдық құндылықтарды жаңарту және ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру туралы болып отыр. Тиісінше, бұл қаңтар оқиғаларынан кейін немесе Жолдаудан кейін бірден жаңа Қазақстанда өмір сүре бастадық дегенді білдірмейді. Президент "Жаңа Қазақстан" концептін ұсынып, ұлттық құрылыстың жаңа мақсатын белгіледі. Жаңа Қазақстанды бір сәтте, бір түнде құру мүмкін емес. Бұл - қоғамдық қайта құрудың терең әрі ұзақ процесі", - деді ол.

Мемлекеттік хатшы Президент Жолдауында саяси реформалардың жаңа басымдықтарын жариялағаннан кейін көпшілікке билік институттары арасында түбегейлі жаңа конституциялық тепе-теңдік қалыптасатыны түсінікті болғанын айтты.

"Біріншіден, бұл оның супер-президенттік басқару формасынан күшті парламенті бар президенттік республикаға көшу туралы бастамасына қатысты болып отыр. Мемлекет басшысының осы Жолдауын іске асыру шеңберінде Конституцияның 30-дан аса бабына және 20 заңға өзгеріс енгізу көзделді. Бұл - өте ауқымды реформалар жоспары. Жоспарланған жаңалықтар саяси жүйенің бүкіл конфигурациясын айтарлықтай өзгертеді. Азаматтардың мемлекетті басқаруға қатысын арттыруға, жаңа саяси мәдениетті қалыптастыруға баса назар аударылды", - деді ол.

Қарин мемлекеттік басқару моделінің өзгеруі туралы ғана емес, сонымен қатар, мемлекеттік және қоғамдық даму парадигмасының өзгерісі туралы да айтуға болатынын атап өтті. Президент бұл процесті нақты көрсету үшін "Екінші республика" анықтамасын қолданған.

"Екінші республика - жақында болатын әрі айқын мақсат. Өйткені Мемлекет басшысы ұсынған саяси реформаларды жүзеге асыру биылға жоспарланып отыр. Жаңа Қазақстан - қоғам мен ұлттың жаңаруы, ал Екінші республика - мемлекеттік модельдің жаңаруы", - деп түйіндеді мемлекеттік хатшы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети