Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның мемлекеттік қарызы өсіп бара жатқанына, ал оны басқарудың бірыңғай тәсілі жоқ екенін айтты. Ол жаңа тұжырымдаманы әзірлеуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның мемлекеттік қарызы өсіп бара жатқанына, ал оны басқарудың бірыңғай тәсілі жоқ екенін айтты. Ол жаңа тұжырымдаманы әзірлеуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Елдің ішкі және сыртқы қарызын басқару сапасын арттыру қажет. Бұл - мемлекеттік бюджеттің ұзақ мерзімді тұрақтылығы мен болашақтағы бюджет бойынша тұрақтылығымыздың мәселесі. Алдағы 25 жылда мемлекеттің қабылданған және жоспарланған міндеттемелерді орындауға жұмсалатын шығындары алты есеге жуық өседі", - деді Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Оның айтуынша, 2025 жылға қарай үкіметтік борыш құрылымындағы сыртқы борыш үлесі 21-ден 49 пайызға дейін өсуі болжанып отыр. Бұл ретте сыртқы қарыздардың басым бөлігі шетел валютасында номиналданған.
"Квази және мемлекеттік секторда да айтарлықтай қарыздар бар. Алайда мемлекеттік қарызды басқару тәсілдері бойынша бірыңғай құжат әлі жоқ. Ойланатын нәрселер бар. Үкімет мемлекеттік және квазимемлекеттік қарызды басқару тұжырымдамасын әзірлеуі керек", - деп тапсырды Тоқаев.
Ол Ұлттық қор жинақтау режимінен тұтыну режиміне көшкенін - жыл сайын Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферт көлемі өсіп бара жатқанын атап өтті. 2020 жылы ол бюджет кірісінің 40 пайызы еді, биылғы көрсеткіш 36 пайызға тең.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!